2019 жылғы 4 ақпаннан бастап Лисаков мұражайында Кеңес әскерлерінің Ауғанстаннан шығарылғанына 30 жыл толуына арналған дәрістер өткізілуде. Дәрістің мақсаты - жас ұрпаққа Ауған оқиғаларының алғышарттарын, барысы мен маңызын түсінуге көмектесу. Дәріс барысында деректі фильм және дайындалған мультимедиялық тұсаукесер ғана емес, сонымен қатар Лисаков тұрғыны - Ауған соғысына қатысушы Н.И.Савин естеліктерінен үзінділер көрсетілді. Дәріске Лисаков қаласы әкімдігі білім бөлімінің «№6 орта мектебі» КММ алтыншы және сегізінші сынып оқушылары қатысты. 6-11 сынып оқушыларына арналған дәріс музей қызметкерлерімен әзірленген.